Жетісайдағы өрттен аман қалған 2 адам туралы ел естімеген тың дерек шықты

Бүгін, 17:06 / Ахмет Қанатұлы
t.me/sputnikKZ/

18 қараша таңында Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында болған ірі өрттен тірі қалған екі адам Шымкенттегі арнайы орталықтан шығарылып, Шардара аудандық ауруханасына ауыстырылды. Бұл ақпаратты Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомство мәліметінше, науқастардың жалпы жағдайы тұрақты.

"Екі пациент күйік жарақаттарынан кейін қажетті ем қабылдап жатыр. Өздері тыныс алады, өмірлік маңызды көрсеткіштері қалыпты. Емдеу бекітілген хаттамаға сай жалғасуда. Науқастар дәрігерлердің тұрақты бақылауында", – деп хабарлады басқарма.

Қайғылы оқиғадан барлығы үш адам аман қалған еді. Алайда олардың бірі – 7 жасар қыз 30 қарашада жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ол аман қалған ерлі-зайыптының перзенті болатын.

Тэгтер:

өрт Жетісай