"100% үстемақы берілді": Еліміздің бас педагогы көптің көкейіндегі мәселені ашып айтты

Бүгін, 17:44 / Ахмет Қанатұлы
parlam.kz. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Kursiv.Media тілшісі Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан мемлекеттік және жекеменшік балабақша қызметкерлерінің жиі көтерілетін мәселелері туралы сұрады, деп жазады Arasha.kz.

Редакцияға хабарласқан тәрбиешілердің айтуынша, балабақшада олар өз міндетіне кірмейтін жұмыстарды – ақтау, сырлау, кілем жуу сияқты шаруаларды атқаруға мәжбүрленеді. Сонымен бірге министрлікке жалақының төмендігі туралы шағымдар да жиі түседі. Астана қаласындағы жекеменшік балабақшаларда мұғалімдердің айлығы 150-200 мың теңге шамасында екені айтылады.

Осы мәселелердің шешімі қандай болатынын министрдің өзінен сұраған тілшіге Жұлдыз Сүлейменова былай деп жауап берді:

"Жалпы барлық білім саласындағы азамат өзінің келісімшартында көзделмеген, артық, шамадан тыс міндетіне жатпайтын жұмыстарды орындамауы тиіс. Бұл – заңға қайшы. Бұған қатысты өзінің заңнамалық шаралары бар. Әр қызметкер өзі еңбек инспекциясына хабарласып, шағымдана алады".

Министр жалақы мәселесінің де назарда екенін айтты.

"2023 жылға дейін балабақша қызметкерлерінің айлығына 100%-ға дейін үстеме берілді. Бұл – нарықтағы орташа жалақы деңгейіне сәйкес көрсеткіш. Бірақ бұл бюджетке байланысты мәселе. Ел бойынша 13 мыңға жуық балабақша бар, онда маман тапшылығы анық сезіледі. Бұл – нақты проблема, оны шешуге атсалысамыз", – деді Сүлейменова.

Тэгтер:

министр балабақша Жұлдыз Сүлейменова