4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 08:13 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидромет» болжамына сай, Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Елдің солтүстігі, шығысы және орталығында қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі, ал оңтүстікте кей жерлерде жаңбыр жауады.

Тек батыс өңірлерде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

▪️ Астана: бұлтты, жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ. Температура түнде −2–4 °C, күндіз шамамен 0 °C.

▪️ Алматы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Температура түнде 0...−2 °C, күндіз +9–11 °C.

▪️ Шымкент: ауыспалы бұлтты, жаңбыр. Температура түнде +1–3 °C, күндіз +8–10 °C.
 

Тэгтер:

қар ауа райы жел бұрқасын