Путин Еуропамен соғысуға дайын ба? – жауап берді

Бүгін, 09:02 / Arasha.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды

Ресей президенті Владимир Путин Еуропамен тікелей қақтығыс қаупіне қатысты кезекті мәлімдеме жасады. ВТБ банкінің инвестициялық форумында сөйлеген сөзінде ол Мәскеудің соғыс ашуды көздемейтінін, бірақ Еуропа тарапынан әскери әрекет басталса, Ресей «бір сәтте жауап беруге дайын» екенін айтты.

Путиннің сөзінше, мұндай гипотетикалық соғыстың салдары «Еуропа үшін ауыр» болмақ, ал Ресей «келіссөз жүргізетін тарап таппай қалуы мүмкін».

Президент Еуропаны Украина мәселесін реттеу процесінен «өз еркімен шеттеп қалды» деп айыптады. Оның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбіт жоспарға Еуропа мен Киев қосқан түзетулер Мәскеуге «қабылдауға келмейтін» шарттар әкелген.

Путин Украина соңғы апталарда Қара теңіздегі ресейлік танкерлерге жасаған шабуылдарды жалғастырса, Мәскеу «қатаң жауап» қарастыратынын да айтты.

Оның сөзінше, Ресей украин порттарына және оларға қатынайтын кемелерге соққыны күшейтуге әзір.

«Ең радикал шара – Украинаны теңізден толық оқшаулау. Сонда мұндай әрекеттерге мүлде жол қалмайды», – деді Путин.

Тэгтер:

Путин украина соғыс еуропа әскер нато Еуропа елдері ресей прездиденті