Ұшақта 413 адам болған: Тайландқа бағыт алған ұшақтан өрт шықты

Бүгін, 09:59 / Arasha.kz
freepik.com

Мәскеуден Пхукетке бағыт алған, бір қозғалтқышы өртенген әуе кемесі Домодедово әуежайына сәтті қонды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін төтенше қызмет өкілдері қозғалтқыштағы өрт сөндірілгенін және ұшақтың әуежайға қайтып бара жатқанын мәлімдеген еді. Әуе кемесінің бортында 400-ден астам жолаушы мен 13 экипаж мүшесі болған.

"Ұшақ 22:54-те қалыпты режимде қонды", – деді төтенше қызмет өкілі.

Тэгтер:

әуежай Ұшақ Домодедово