Сиыр етінен шошқаның ДНК-сы табылды

Бүгін, 11:46 / Қайсар Қалам
Сурет: «Коммерсантъ»

Орталық Азия елдеріне және Әзербайжанға жеткізілетін ресейлік «Главпродукт» бұқтырылған сиыр етінен шошқаның ДНК-сы табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы All Exclusive Telegram-арнасы өнімге жасалған генетикалық сараптама қорытындыларына сүйеніп хабарлады. Компания биыл шілдеде мемлекет меншігіне өткен. Оған дейін іс жүзінде бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған тұлғамен байланысты «Дружба народов» кәсіпорнының бақылауына түскені жазылған еді (The Insider дерегі).

2025 жылғы қыркүйекте жүргізілген сараптамаға сәйкес, Sus scrofa (яғни шошқа) түріне жататын жануардың ДНК-сы «Семейный бюджет» маркасымен шығарылатын 500 граммдық консерві банкасынан табылған. Бұл өнімді Орловск облысындағы «Главпродукт» кәсіпорны — «Орёлпродукт» АҚ шығарады.

Консервінің кейбір үлгілері Орехово-Зуеводағы в/ч 81521 әскери бөлімінің асханасынан алынған. Бұл бөлімде кез келген ауыр әскери техниканы, тіпті ұрыс жағдайында да жөндей алатын «жөндеу-қалпына келтіру» батальоны орналасқан деп көрсетілген.

All Exclusive қолына түскен құжаттар бойынша, 2025 жылдың күзіне қарай бұл консерві тек Ресей армиясының асханаларына ғана емес, халқының басым бөлігі исламды ұстанатын Орталық Азия елдеріне де экспортталған. Ал мұсылмандар үшін шошқа еті — тыйым салынған өнім.

«Семейный бюджет» бұқтырылған сиір етін 2025 жылдың күзінде Тәжікстанға («Авис Душанбе» ЖШС, «Корвон 2011» ЖШС), Қазақстанға («Dokka»), Қырғызстанға («Умай Групп») және Әзербайжанға («Sham-Fi International Trading Company») жеткізілген.

The Insider редакциясы «Орёлпродукт» компаниясына және Орталық Азия мен Әзербайжандағы негізгі дистрибьюторларға сұрау жолдағанымен, материал жарияланған сәтке дейін жауап ала алмаған.

«Главпродукт» активтері биыл шілдеде Росимуществога берілген. Компаниялар тобы 1999 жылы АҚШ-та тұратын, тегі орыс бизнесмен Леонид Смирнов негізін қалаған. Негізгі иесінің «дос емес елден» екеніне байланысты кәсіпорын былтыр қазан айында уақытша мемлекеттік басқаруға өткен.

The Insider жазуынша, іс жүзінде «Главпродукт» компаниясын 2024 жылдың соңына қарай-ақ Росгвардияға өнім жеткізумен танылған, экс-Ауыл шаруашылығы министрі Александр Ткачёвпен байланысы бар «Дружба народов» кәсіпорны бақылауға алған.
 

Тэгтер:

Сиыр еті Шошқа ДНК Главпродукт