Шұғыл хабар! Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Бүгін, 13:08 / Ахмет Қанатұлы
adventtr/Getty Images

Алматы қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезгенін хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ұялы телефондарына жер сілкінісі туралы дабыл хабарламасы келген.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес, жер дүмпулері Қытайдың оңтүстігіндегі Синьцзян аймағында тіркелген магнитудасы 6,1 жерасты дірілімен байланысты.

Ал ҚР ТЖМ-нің "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС хабарлауынша, 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 12:45-те Алматы аумағында жер сілкінісі сезілген.

Ведомствоның мәліметінше: "Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ. Қосымша мәліметтер нақтыланып жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Тэгтер:

алматы жер сілкінісі