Android жүйесі алдымен жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 деп мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алайда көрсеткіш одан жоғары болып шықты. ТЖМ мәліметінше, сезілу деңгейі – 3 балл, магнитуда – 6,7.
«ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылдың 4 желтоқсанында, астана уақытымен 12:45-те Алматы қаласында жер сілкінісін тіркеді», – деп хабарлады ведомство.
Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Магнитуда – MPV 6.7. Сезілу деңгейі (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы – 3 балл.
Кейінірек магнитудаға қатысты ақпарат жойылды.
Қалада адамдар жаппай қорқып, ғимараттардан сыртқа шығып жатыр.