«Қазгидромет» мәліметінше, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі. Шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар жауады, бұрқасын болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ел аумағында желдің күшеюі, көктайғақ күтіледі. Қазақстанның көп аймағында дауылды ескерту жарияланған.
▪️ Астанада — құбылмалы бұлтты, қар. Түнгі температура −1–1 °C, күндіз −1 +1 °C.
▪️ Алматыда — құбылмалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде 0 +2 °C, күндіз +7–9 °C.
▪️ Шымкентте — бұлтты, жаңбыр. Түнде +1–3 °C, күндіз +6–8 °C.