Алматыда жеке сот орындаушы 370 млн теңге мен Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп алған

Бүгін, 12:01 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп алушыларға тиесілі ақшаны заңсыз иемденгені үшін сотталды, деп хабарлайды Arasha.kz
 
Алматыда ЖСО өндіріп алынған қаражатты иемденгені және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Қала прокуратурасының жүргізген тексеруі барысында тәртіп бұзушылық фактілері анықталған.

«ЖСО өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз иемденіп, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды», - деп хабарлады прокуратура.

 Алмалы аудандық сотының үкімімен ЖСО қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Тэгтер:

ақша сот орындаушы көлік иемдену