Ақтауда 100 аялдама салынды

5 желтоқсан, 2025 / Arasha.kz

Биыл Ақтау қаласында қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында 100 аялдама салынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның 79-ы жаңадан орнатылса, 21-і қайта жаңартылды. Келер жылы қажеттілік туындайтын орындар үшін тағы 20 жаңа аялдама салу көзделіп отыр. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов есептік кездесуінде мәлімдеді.

Жаңадан орнатылған аялдамалар жарықтандыру жүйесі және қоқыс жәшіктерімен қамтылған. Сонымен қатар Ақтау қаласында қоғамдық көлік инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары аясында биыл автобус паркі 100%-ға жаңартылды.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі