Ақтауда 77 шақырымға жуық электр желісі жаңартылып жатыр

5 желтоқсан, 2025 / Arasha.kz

Ақтауда қала әкімдігінің тапсырмасына сәйкес электр энергиясының сапасы мен тұрақтылығын арттыру мақсатында жалпы ұзындығы 76,9 шақырымды құрайтын, тозу деңгейі шамамен 80% болған 17 электр желісі кезең-кезеңімен жаңартылуда. Бұл туралы қала әкімі есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Жаңғырту жұмыстары екі кезеңге бөлінген:

І-кезең – бірқатар шағын аудандарды қамтитын 22,5 шақырым тозығы жеткен желілер толық жаңартылды.

ІІ-кезең – тағы 8 шағын ауданда орналасқан 54,4 шақырым болатын 11 электр желісі қайта салынып жатыр.

Сонымен қатар, қуаттылығы 110/10 кВ ХАБ-1 және ХАБ-2 қосалқы станцияларының құрылысы аяқталғаны хабарланды. Бұл нысандар қаладағы электрмен қамту сапасын жоғарылатып, басқа станциялардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Қазір объектілерді қолданысқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.