Қазақстанға КҚК қорғау үшін Ресейге әскер жіберу ұсынылды

Бүгін, 16:25 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Ресейлік сарапшы Қазақстанға Каспий құбыр консорциумын (КҚК) өз бетінше қорғау жүйесін құру керегін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ресейлік инженер-геодезист, публицист Александр Уфаевтың жазуынша, КҚК — Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық маршруты. Сол себепті оның пікірінше, Новороссийск теңіз порты Астананың стратегиялық нысаны болып есептеледі және оны қорғау қажет.

— Қазіргі жағдайда Ресей КҚК инфрақұрылымын қалпына келтіруге асығуы керек пе? Менің ойымша, міндетті емес. Қорғау жүйесін қазақтар өздері құруы тиіс. Мұның екі себебі бар: біріншіден, Қазақстан мұнайының 80%-ы Новороссийск арқылы өтеді; екіншіден, Қазақстан ҰШҚҰ мүшесі, сондықтан Ресей Қазақстанның әскери қызметкерлеріне өздерінің антидрондық құралдарын орналастыруға мүмкіндік бере алады, өз экономикалық мүдделерін қорғау үшін, -  деп жазды Уфаев ruskline.ru сайтында.

Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» ҰК 19% акцияға ие болса, Ресей «Роснефть» арқылы 24%-ын иеленеді.

29 қарашада КҚК-ға дрондар шабуыл жасап, консорциумның критикалық инфрақұрылымына айтарлықтай залал келтірді. Бұл шабуыл Қазақстан мұнайының шамамен 80%-ына тәуелді. Кейбір есептер бойынша, шабуыл салдарынан Қазақстан 675 млн доллар шығынға ұшырады.
 

Тэгтер:

украина дрон КҚК