КҚК терминалына жасалған соққыдан Қазақстан қанша шығынға батқаны белгілі болды

6 желтоқсан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: cpc.ru

Украина дрондарының Новороссийскідегі «Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) терминалына жасаған шабуылынан кейін Қазақстандағы мұнай мен конденсат өндіру көлемі 6 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Reuters өз дереккөзіне сүйеніп хабарлағандай, 1–2 желтоқсанда КҚК жұмысының уақытша тоқтауына байланысты Қазақстандағы мұнай өндіру айтарлықтай құлдыраған. Бұл консорциум Қазақстан мұнайының 80 пайызын экспорттайды және әлемдік жеткізілімнің 1 пайыздан астамын қамтамасыз етеді.

«Дереккөз мәліметтері мен Reuters есебі бойынша, желтоқсанның алғашқы екі күнінде Қазақстандағы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі қарашадағы орташа көрсеткіштен төмендеп, тәулігіне 1,9 миллион баррельге дейін азайды», — деп жазады агенттік.

Тағы бір дереккөздің айтуынша, КҚК терминалында тек бір ғана айлақ құрылғысының (ВПУ) жұмыс істеуі бір аптада шамамен 900 мың тонна мұнай жоғалту қаупін тудырған.

Бұған дейін салалық сарапшы Олжас Байдильдинов КҚК-ға жасалған соққы салдарынан Қазақстан шамамен 675 миллион доллар табыстан қағылуы мүмкін екенін есептеген.

Тэгтер:

мұнай КҚК дрон шабуылы