Батырхан Төлеуғали таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

Бүгін, 11:48 / Қайсар Қалам
Сурет: ҰОК

Таеквондодан Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шықты.

Финалда Төлеуғали ирандық Мохаммад Ализадені жеңді.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында қазір үш жүлде бар. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Тамерлан Тілеулес қола медаль иеленген еді.
 

Тэгтер:

әлем чемпионы таеквондо Батырхан Төлеуғали