Тоқаев Сағынтаевпен ЕАЭО дамуы мен Санкт-Петербургтегі алдағы кеңес отырысын талқылады

Бүгін, 13:01 / Қайсар Қалам
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.
 

Тэгтер:

тоқаев Еуразиялық Экономикалық Одақ Сағынтаев Санкт-Петербург