Рекордтық көрсеткіш! Сүйінші! Эко ұрықтандыру арқылы бір қаланың өзінде 26 егіз дүниеге келді

Бүгін, 18:27 / Ахмет Қанатұлы
Halfpoint Images / Getty Images

Ақтөбе облысында "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) нәтижесінде 448 нәресте дүниеге келді. Олардың қатарында 26 егіз бен бір үшем бар. Сонымен бірге қазір 71 әйел жүкті, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Аңсаған сәби" мемлекеттік бағдарламасы 2021 жылы іске қосылған. Содан бері Ақтөбе облысында 1527 отбасына квота беріліп, оның шамамен жартысы сәби сүйді.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Айгүл Аманжолованың айтуынша:

"Бағдарлама аясында пациенттер еліміздегі 19 орталықта ЭКО жасата алады. Оның 37%-ы Ақтөбедегі перинаталдық орталықты таңдаған. Келер жылға 311 квота қарастырылып отыр", – деді ол.

Бағдарлама енгізілгелі бері ЭКО-ға кезек күту уақыты айтарлықтай қысқарған. Бұрын жылдап күтетін отбасылар енді мемлекеттік қолдаудың арқасында әлдеқайда тез қол жеткізеді. Қазіргі таңда өңір бойынша 1400 әйел ЭКО кезегінде тұр.

Тэгтер:

ЭКО ұрықтандыру Аңсаған сәби