Донбасс кімге қалатын болды: Зеленский ел естімеген шындығын ашып айтты

8 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
AP Photo / Peter Morrison. Суретте: Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Bloomberg басылымына берген сұхбатында Украина дағдарысын шешуге арналған келіссөздер барысында Донбасс мәселесі бойынша тараптар арасында әлі ортақ көзқарас қалыптаспағанын айтты, деп жазады Arasha.kz.

Оның сөзінше:

"АҚШ-тың өз көзқарасы бар, Ресейдің өз ұстанымы бар, ал Украинаның да өз позициясы бар. Бізде Донбассқа қатысты бірыңғай пікір жоқ", – деді Зеленский.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийдің өзіне жолданған бейбітшілік жөніндегі ұсынысты оқымағанына реніш білдірген болатын.

Тэгтер:

президент украина донбасс Владимир Зеленский