Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шыққанын жариялап, көпшілікті қуантты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Айшолпан бұл қуанышты хабарды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, өмірінің жаңа кезеңі басталғанын жазды. Желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, құттықтауларын қарша боратып жатыр.
Айта кетейік, Айшолпан Нұрғайыпқызы – Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан шыққан, қазақтың дәстүрлі бүркітшілік өнерін әлемге танытқан тұлға. Оның өмірі туралы түсірілген "The Eagle Huntress" деректі фильмі халықаралық деңгейде үлкен танымалдыққа ие болып, Айшолпанның есімін бүкіл әлемге танытқан болатын.
Бүгінде ол өзінің өмір жолын жалғастырып, жеке өміріндегі маңызды қуанышын көпшілікпен бөлісті.