Жапония Украинаға «репарациялық кредит» үшін бұғатталған ресейлік активтерді пайдаланудан бас тартты

9 желтоқсан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Жапония Еуропалық Одақтың Украинаға қаржылық қолдау көрсету мақсатында бұғатталған ресейлік активтерді пайдалануды ұсынған ұсынысын қабылдаған жоқ. Бұл туралы Politico газеті дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Токио қаласында жалпы құны шамамен 30 млрд АҚШ долларын құрайтын ресейлік активтер сақталған. 8 желтоқсан, дүйсенбі күні G7 елдері қаржы министрлерінің кездесуі кезінде Жапония осы активтерді Украинаға «репарациялық кредит» ретінде пайдалануға ниеті жоқ екенін білдірді.

Еуропалық дипломаттардың бірі мәлімдегендей, қаржы министрі Сацүки Катаяма құқықтық белгісіздікке сүйенген. Солай бола тұра, бірнеше дереккөз Жапонияның бұл позициясын АҚШ-тың ұстанымымен байланыстырады — АҚШ-та мұндай активтерді пайдалануға қарсы болып отыр, ал Жапония оларға қарсы шыққысы келмейді.

«Репарациялық кредит» идеясын биыл күзде Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен ұсынған. Оның жоспарына сәйкес, бұғатталған ресейлік активтер арқылы Украинаға несие беру көзделген. Дегенмен, активтердің көп бөлігі — шамамен 260 млрд евро — ЕО елдерінде сақталғанымен, Бельгия билігі бұл идеяға қарсы шықты, себебі санкциялар алынса, Ресей сол ақшаны талап етуі мүмкін және оны Бельгия өз мойнына алуы ықтимал.

Politico атап өткендей, Еурокомиссия бұл мәселе бойынша 18 желтоқсандағы Еуропа елдері басшылары саммитіне дейін келісімге келуді көздейді. Бельгия, әсіресе, ЕО-дан тыс қалған G7 елдерінің де Украинаға бұғатталған ресейлік активтерді пайдаланып несие берулерін талап етеді. Премьер-министр Барт де Вевер әріптестердің белсенді қатысуы Брюссель үшін тәуекелдерді азайтып, жауап әрекеттердің тек Бельгияға бағытталу мүмкіндігін төмендетеді деп санайды.
 

Тэгтер:

ресей украина жапония бұғатталған актив