Түркістан облысының әкімі 7 минуттық бейнероликтің бағасы неге 100 млн теңге болғанын түсіндірді

9 желтоқсан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Әкімдік

Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Нұралы Көшеров құны 100 миллион теңге болатын тарихи бейнероликке қатысты туындаған резонансқа пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін облыстық мәдениет басқармасына қарасты орталық ұзақтығы 3–7 минут болатын тарихи бейнеролик әзірлеуге тапсырыс бергені белгілі болған.

Орындаушы компания – G7 Exclusive. Шарт тікелей келісім арқылы, конкурссыз жасалған.

Әкімнің айтуынша, әңгіме қарапайым ролик туралы емес, толықтай сценарийі жазылған, күрделі әрі қымбат қойылымдық элементтері бар жоба, іс жүзінде шағын фильм туралы болып отыр.

«Бұл жай ғана видеоролик емес, жеті минуттық кәсіби түсірілген жұмыс. Түркістанда “Алтын Самұрық” кешені бар — осындай қойылымдық жобалар басқа елдерде 200–300 мың доллар тұрады. Мұндай жұмыстар АҚШ-тағы Universal Park-та жасалатын “Гарри Поттер” немесе “Трансформерлер” форматтарымен салыстыруға келеді. Бұл өте қымбат түсірілімдер», — деді Көшеров.

Тэгтер:

әкім Түркістан видеоролик