Песков: КСРО-ны қалпына келтіру мүмкін емес, Путиннің ондай ниеті жоқ

9 желтоқсан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Михаил Метцель / ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин Кеңес Одағын қайта құруды жоспарлап отырған жоқ, мұндай мақсат геосаяси тұрғыда мүмкін емес. Бұл туралы Германия канцлері Фридрих Мерцтің мәлімдемесіне жауап берген Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін Мерц НАТО елдерінің әскери қуатын арттыруын «Путин КСРО-ны қайта жандандыруды армандайды» деп түсіндірген еді.

«Бұл шындыққа жанаспайды. Владимир Путин КСРО-ны қалпына келтіргісі келмейді, өйткені ол мүмкін емес. Ол бұл туралы бұрын да бірнеше рет айтқан. Мұндай әңгіме біздің әріптестерімізге, ТМД одақтастарымызға құрметсіздік болар еді. Сірә, Мерц мырза мұны білмейтін сияқты», – деді Кремль өкілі.

Песков сонымен бірге Мерцтің «Ресей НАТО-ға шабуыл жасауға дайындалып жатыр» деген сөзін де «ақымақтық» деп атады.
 

Тэгтер:

Путин нато Песков СССР