"Зеленский мықты саудагер": Дональд Трамп Украина президентін келемеждеп, сес көрсетті

9 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Brian Snyder / Reuters. Суретте: Владимир Зеленский

Politico басылымына берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийді "тамаша саудагер" деп сипаттады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамптың айтуынша, Зеленский бұрынғы АҚШ президенті Джо Байденді 350 млрд доллар бөлуге "алдап көндірген".

"Зеленский мықты саудагер. Мен оны П.Т.Барнумға теңеймін. Барнумның кім екенін білесіздер ғой? Жер бетіндегі ең мықтылардың бірі. Ол кез келген тауарды кез келген уақытта сата алатын. Бұл шындық. Зеленский Байден деген алаяқты 350 млрд доллар беруге көндірді. Мұның ақыры не болды? Ол елінің 25 пайызынан айырылып қалды", –деді Трамп.

Финеас Тейлор Барнум – мистификацияларды шебер ұйымдастырған, агрессивті жарнаманың атасы саналатын шоумен. Ол 1871 жылы Ringling Bros. and Barnum & Bailey Circus циркін құрған. Барнум көрерменге әсер сатудың жаңа тәсілдерін қалыптастырғанымен танылған.

Тэгтер:

Дональд Трамп Владимир Зеленский