"Сахнамен ресми түрде қоштасармын": Роза Рымбаева ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Бүгін, 10:50 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнамен қоштасуы мүмкін екені туралы айтқаны көпшілікті елең еткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер жұлдызы бұл пікірін "Abai TV" арнасындағы "Сарасөз" бағдарламасына берген сұхбатында ашық жеткізді. 

"50 жылдық есеп беру концертіме дайындалып жүрмін. Осы үлкен кештен кейін, мүмкін, сахнамен ресми түрде қоштасармын. Ондай ой бар. Бірақ, әрине, үлкен концерттерге шығуға әрқашан дайынмын", – деді Роза Рымбаева.

Тэгтер:

әнші Роза Рымбаева сахна