"Мен дайынмын": Зеленский президенттіктен кететінін айтып, елді дүрліктіріп қойды

10 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
t.me/V_Zelenskiy_official. Суретте: Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамптың Украинада президенттік сайлау өткізу қажет деген пікіріне жауап беріп, өз дайындығын ашық білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Мен әрқашан дайынмын", – деп қысқа да нұсқа жауап берген Зеленскийдің бұл сөзі қоғамның назарын бірден өзіне аударды.

ВВС-дің жазуынша, Бұған дейін Дональд Трамп Украинада сайлау ұзақ уақыт бойы өтпей келгенін айтып, оны мүмкіндігінше тез ұйымдастыру керек екенін айтқан еді.

"Көп уақыт өтті. Жағдай күрделі. Қазір сайлау өткізу маңызды деп санаймын. Олар соғысты себеп ретінде келтіреді, бірақ, менің ойымша, украин халқының таңдау жасау құқығы болуы тиіс. Кім жеңетінін айта алмаймын, бірақ сайлау өтпей қалуы демократиядан алыстауға алып келеді", – деген болатын Трамп Politico басылымына берген сұхбатында.

Тэгтер:

президент Дональд Трамп Владимир Зеленский