Жолаушыларға ресми сайттардағы ақпаратты тексеріп отыру ескертілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алматы мен Астана әуежайларында рейстердің жаппай кешігуі мен тоқтатылуы байқалады. Бұл дерек онлайн-таблода көрініс тапқан.
Алматыда әрі ұшып шығу, әрі келу рейстері кешігуде – кейбір рейстердің кідірісі бір тәулікке жуықтап қалған. Астанада ауа райы ашық, аяз болса да, екі ұшып шығу рейсі (Алматы мен Талдықорған бағыттары) және үш келу рейсі тоқтатылған.
Әуежайлар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Рейстерді кешіктіру немесе тоқтату туралы шешімді әуе компаниялары қабылдайды.
Алматыда 9 желтоқсан кешінен бастап айлық норманың жартысына жуық қар түсіп, күшті бұрқасынға ұласқан. Қала жолдарында көктайғақ болып, кептеліс деңгейі 9 балға дейін жеткен.