Қазақстан Германияда қаза тапқан экс-судьяның күйеуі мен енесіне іздеу жариялады

Бүгін, 15:48 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Германияда өлтірілген бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты іс бойынша оның күйеуі мен енесі — Александр және Наталья Донцовтарға іздеу жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құқықтық статистика және арнайы есептер порталына орналастырылған іздеу карточкаларында:
«Донцов Александр Александрович бір күннен бері іздеуде. (…) Донцова Наталья Николаевна бір күннен бері іздеуде», – деп көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, іздеу ісі 9 желтоқсанда Жетісу облысында, Талдықорған қалалық полиция басқармасының желісі бойынша тіркелген.

Еске салайық, 13 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Германияда қаза тапқан экс-судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты Қазақстанда тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.
 

Тэгтер:

қылмыс Германия іздеу Экс-судья