Астанада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді

Бүгін, 16:02 / Қайсар Қалам
Сурет: Әкімдік

Астанада 13-14 желтоқсан күндері кезекті «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жәрмеңке «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрақ аумағында (Алаш тас жолы, 35Б) ұйымдастырылады.

Сондай-ақ осы күндері сауда орталығында қала тұрғындары асыға күткен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де өтеді. Мұнда жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, бәліштер, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да тауарларды қолжетімді бағада сатып ала алады.

Жәрмеңкелер әр демалыс күні таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін өткізіледі.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке аумағына жақын маңнан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобустары қатынайды.

Тэгтер:

Астана Жәрмеңке Соғым-FEST