Әскерде "дедовщина" жоқ! Мен оны ашық мәлімдей аламын – министрдің орынбасары

Бүгін, 15:53 / Ахмет Қанатұлы
Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров Қазақстан армиясында "дедовщина" жоқ екенін ашық мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәжілісте журналистер әскери ортадағы қарым-қатынас жайлы сұрағанда, министрдің орынбасары әлеуметтік желілерде тараған даулы видеоны түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, саптағы сарбаздарды ұрып жатқандай көрінетін бейне – шындық емес, "Баткен" атты фильмнен алынған кадр.

"Бұл фильм болатын. "Баткен" деп аталады. Видеода қазақ тіліндегі аудионы қосып, таратып жіберген. Қазір армияда "дедовщина" жоқ. Мен оны ашық мәлімдей аламын", – дейді ол.

Тэгтер:

әскер дедовщина Қаныш Әбубәкіров