Астанадағы «Нұрлы Жол» вокзалында болған оқиға салдарынан ер адам пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz Көліктегі полициясы департаментіне сілтеме жасап.
Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы пышақ жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді, жағдайы тұрақты.