11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

11 желтоқсан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидромет» дерегінше, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Тек солтүстікте және орталықта ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, оңтүстікте және шығыста қар мен бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Шығыста ауа температурасы −25 °C-қа дейін күрт төмендейді. Ел бойынша синоптиктер тұман, көктайғақ және желдің күшеюін болжайды. 16 өңірге дауылды ескерту жарияланған.

▪️ Астанада — ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жоқ, түнде −22–24 °C, күндіз −10–12 °C.
▪️ Алматыда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жоқ, түнде −14–16 °C, күндіз −4–6 °C.
▪️ Шымкентте — бұлтты, жауын-шашын жоқ, түнде −1–3 °C, күндіз +6–8 °C.
 

Тэгтер:

ауа райы аяз жел