«Криминалистің үздік альбомы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

6 желтоқсан, 2025 / Қайсар Қалам

2025 жылдың 5 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Криминалистің үздік альбомы» республикалық байқауының марапаттау салтанаты өтті. Байқауды қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессор-оқытушы құрамы мен сарапшы-криминалист студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері ұйымдастырған. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында:
«Білім – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор болып табылады. Біз жас ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың ғылым мен техникада жетістіктерге жетуіне жағдай жасаумыз қажет. Құқық қорғау және қылмыстық құқық саласында білім алу  жастардың тек кәсіби тұрғыдан дамуына емес, азаматтық жауапкершілік пен өз елін сүйетін тұлға ретінде қалыптасуына да ықпал етеді» деп атап өткен болатын.

Осы тұрғыдан алғанда, «Криминалистің үздік альбомы» рспубликалық байқауы құқық қорғау саласында білім алып жүрген жастардың өздерін кәсіби тұрғыдан шыңдап, ғылым мен практиканың өзара байланысын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды платформа болып табылады.

Байқаудың басты мақсаты - қылмыстық құқық, тергеу және криминалистикалық ғылымдар саласында арнайы білім мен дағдыларды тиімді қолдануды арттыру, студенттердің ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ теория мен практиканың байланысын нығайту. Байқау жас мамандарға өздерінің ғылыми шығармашылығын көрсетуге және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

2025 жылдың 8 қыркүйегі мен 29 қарашасы аралығында  6В12301 «Құқық қорғау қызметі» және 6В04205 «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс студенттері қатысты. Байқау барысында қатысушылардың қылмысты ашу, тергеу және алдын алу барысында арнайы білім мен дағдыларды қолдану тәсілдері мен идеялары қарастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты - ғылым мен практиканың байланысын арттыру, студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру және қылмыстық іс жүргізу саласындағы білімдерін тереңдету.

Байқауға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты, олардың ішінде: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тұран университеті, Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматы филиалы, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті, Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті секілді іргелі білім ордаларынан студенттер қатысты.

Марапаттау рәсімі барысында байқаудың жеңімпаздарына I, II және III дәрежелі дипломдар салтанатты түрде табыс етілді. Құқық қорғау және криминалистика саласындағы болашақ кәсіби мамандардың білімі мен дағдыларын шыңдауға қосқан зор үлестері үшін барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Олардың таланты мен еңбегі еліміздің құқықтық жүйесінің дамуына жаңа серпін береді. Жеңімпаздар мен барлық марапатталған студенттерге алдағы уақытта үлкен жетістіктер мен кәсіби биіктерге жетуді тілейміз.
Барлық қатысушылардың жетістіктері - елімізде құқықтық мәдениетті көтеру мен кәсіби мамандарды даярлау жолындағы үлкен қадам болып табылады. Болашақта осындай байқаулардың жаңа биіктерге жететініне сеніміміз мол. Байқау жастардың ғылыми шығармашылығын дамытуға, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға және криминалистика саласындағы білімдерін тереңдетуге бағытталған маңызды жоба болып табылады. Мұндай шаралар еліміздің құқық қорғау қызметін дамытуға қосылатын үлес  және криминалистика саласына жаңа идеялар мен шешімдер әкелуге ықпал етеді.

Заң факультетінің қылмыстық құқық, 
қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының з.ғ.к.,  
аға оқытушысы Даубасов С.Ш., 
7M04220 Криминалистикалық сараптамалар 
1 Курс магистранты Туруқұлова С.