Сарапшылар оқиғаның жақында болғанын, ал оның толық көлемі әзірге белгісіз екенін айтады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Желтоқсанның басында деректер платформаларында Kundelik электронды күнделігін пайдаланушылардың жеке мәліметтері жария болған. Жүктемелерде оқушылардың аты-жөні, туған күндері, мектептері мен сыныптары көрсетілген. «Выход к морю» Telegram-арнасының хабарлауынша, деректер қыркүйек айына сәйкес келеді, бұл жақында жасалған хакерлік шабуылды көрсетеді. Жүйе операторы ресми түсініктеме берген жоқ.
«Darknet-алаңдарында бірнеше мың жолдан тұратын “сынама” файлдар жарияланған. Толық көлемі бұдан әлдеқайда үлкен болуы мүмкін, ал қанша дерек кеткені әзірге белгісіз. Логиндер, парольдер, телефон нөмірлері және басқа да деректер тарады ма — ол да анық емес. Kundelik-ті миллиондаған оқушы, ата-ана және мұғалім қолданады, сондықтан құпиялылыққа төнген қауіп жоғары деп бағалануда», — делінген жарияланымда.
Платформа оның негізін қалаушы Мұхтар Ильясовқа, серіктесі Асқар Бишигевке, Динара Құлыбаева құрылымдарына және ресейлік «Дневник.ру» компаниясына тиесілі. Соңғысы Kundelik жүйесін жасауға арналған технологияларды ұсынған.