Алматыда пойызда уланып қалған адамдардың жағдайы қандай?

Бүгін, 15:21 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Алматыда пойызда уланғандардың жағдайына қатысты журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«11 адам ауруханаға жатқызылды, екі бала жансақтау бөліміне түскен. Бірақ бүгінде бәрінің жағдайы тұрақты, жансақтауда бала жоқ, барлығы жалпы палаталарда жатыр», – деді ол.

Еске салайық, «Алматы-2» вокзалында 52 адам газдан уланған. Көмек көрсету үшін 13 жедел жәрдем бригадасы тартылды.

Барлық зардап шеккендер қалалық стационарлардың қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, тексеруден өтті және қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер стационарда жатқан балаларды бақылауды жалғастырып жатыр.
 

Тэгтер:

алматы пойыз улану