Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін арттыруда Транскаспий халықаралық дәлізін стратегиялық бағыт ретінде дамытып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктерін тиісті деңгейде кеңейтіп, теміржол, порт, автожол инфрақұрылымын жаңғыртып жатыр. Осылайша, біртұтас транспорт жүйесін қалыптастыруға кірісті. Еліміз Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын әзірлеуге белсенді атсалысуда. Мақсатымыз – орнықты логистика бағыттарын толық іске қосу. Ресей, Қытай, Иран, Түркия, Әзербайжан, Армения, Грузия және басқа да мүдделі мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлескен күш-жігер арқылы тұтас Еуразия кеңістігінде баршамызға тиімді заманауи көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламыз", – Қасым-Жомарт Тоқаев.