Астана күніне орайластырылған шарадан кеудеңізге  орден тағып кетем десеңіз 1 миллион 750 мың теңге ақша төлейсіз.

«Орденнің құны 1млн 750 000 теңге»

Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауылынан «Жас Алаш» сайтына Манаргүл МҮТӘЛІП есімді оқырманымыз хабарласты. Жуырда шағын кәсіппен айналасатын күйеуінің электронды поштасына Астанада орналасқан «Общественная награда» ЖШС-нен хат келген.

«Орденнің құны 1млн 750 000 теңге»

«Сіздің мінсіз беделіңізді, айрықша кәсіби жетістіктеріңізді және экономиканы дамытуға қосқан жеке үлестеріңізді, өз саласындағы нағыз кәсіпқой маман, талантты ұйымдастырушы әрі басшы ретінде Сіздің сөзсіз абыройыңызды ескере отырып – «Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар мен атақтар жөніндегі комиеттің» сараптау кеңесі Сіздің кандидатураңызды «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» жоғарғы қоғамдық мойындау Орденімен марапаттауға шешім қабылданды», — делінген екен елордадан келген хатта.  

«Орденнің құны 1млн 750 000 теңге»

Қоғамдық ұйым шалғайда еңбек етіп жатқан кәсіпкерге толтыру үшін тіпті марапаттау парағын да жіберген.

«Алғашында қуанып қалған едік. Алайда, орденді алу үшін 1 миллион 750 мың теңге төлеу керектігін білгенде таңқалдық. Көрсетілген нөмірлерге сенбей хабарласып едік, олар сол сомманы төлеу керектігін растады. Қысқасы, бұл атақ сату. Сөлкебай саудалау», — дейді Манаргүл Мүтәліп.

«Жас Алаш» тілшісі «Общественная награда» ЖШС-не хабарласқан еді. Алайда, Сараптау-іріктеу комитетінің төрағасы Игорь НАЗИНМЕН тілдесе алмады. Аталған мекеменің менеджерімін деп өзін таныстырған Татьяна (тегін айтудан бас тартты) есімді қызметкер басшылықтың қашан болатынын білмеймін деп қысқа қайырды. Және орденге лайықты тұлғалардың қалай іріктелетінен де бейхабар екенін айтты.

«Орденнің құны 1млн 750 000 теңге»

«Біздікі мемлекеттік марапат емес. Орден иегерлерінің қалай іріктеліп алынатынын білмеймін. Неге ақшасы көп дейсіз ғой. Себебі шығын көп. Және біз бұдан түскен қаражаттың бір бөлігін қайрымдылық шараларына жұмсаймыз», — деді Татьяна. 

«Орденнің құны 1млн 750 000 теңге»

1 миллион 750 мың теңгеге орден алушы күтіп алу мен мейманханаға бір күндік орналастыру, эстрада жұлдыздарымен өтетін концерт, шараға БАҚ өкілдерін шақыру, фото мен видеоға түсіру қызметтері кіреді екен.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» ордені үш жылдан бері беріліп келе жатыр екен.

Қанат Тілеухан

Дереккөз: zhasalash.kz