Режиссердің ұлы ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

16 желтоқсан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Режиссер Роб Райнердің ұлы ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

ABC7 арнасының хабарлауынша, 32 жастағы Ник Райнер дүйсенбі күні таңертең ұсталып, Лос-Анджелестегі түрмелердің біріне қамалған. Оған ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды, ал судья оны босату үшін 4 миллион доллар кепіл белгіледі. Қамауға алыну жайлы әзірге өзге мәліметтер жарияланған жоқ.

Бұған дейін режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы Мишель Лос-Анджелестегі өз үйлерінен өлі күйінде табылған. Полиция мәліметінше, олар бірнеше пышақ жарақатынан қаза тапқан, осы дерек бойынша адам өлтіру ісі қозғалған.

2016 жылы Ник Райнер People журналына берген сұхбатында есірткіге тәуелді болғанын айтқан. Оның сөзінше, 15 жасынан бастап бірнеше рет оңалту орталықтарына түскен, үйден кетіп қалған және отбасымен қарым-қатынасы нашарлаған.
 

Тэгтер:

қылмыс режиссер Роб Райнер