Ел аумағында бұрқасын мен қар жалғасуда. Көптеген өңірлерде синоптиктер желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, солтүстік, орталық, оңтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар, көктайғақ, түнгі және таңғы тұман күтіледі, таулы аймақтарда — бұрқасын болады.
▪️ Астанада күндіз –15–17 °C, қар, аздап бұрқасын, жолдарда көктайғақ. Түнде –15–17 °C, қар, аздап бұрқасын. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін.
▪️ Алматыда күндіз +3…+5 °C, жаңбыр, қар, көктайғақ, тұман. Түнде –3–5 °C, қар, тұман, көктайғақ. Желдің жылдамдығы — 2–7 м/с.
▪️ Шымкентте күндіз +3…+5 °C, жаңбыр, қар, тұман. Түнде –3–5 °C, қар, аздап бұрқасын, тұман, көктайғақ. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с.