Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылғы 17 желтоқсанда ОКҚ-да өткен брифингте қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, қала әкімдігінің басты міндеті – алматылықтардың тұрмыс деңгейін көтеру.
«2025 жылы 92 мың жұмыс орны құрылды, оның 87 пайызы – тұрақты жұмыс орындары. Жұмыс орындарының 64,7 пайызы шағын және орта бизнес секторында, 35,3 пайызы әкімдіктің салалық және инфрақұрылымдық жобалары аясында ашылды», – деді Дархан Сатыбалды.
Сондай-ақ әкім алматылықтардың орташа айлық жалақысы 539 мың теңгені құрағанын мәлімдеді. Бұл номиналды түрде 14,5 пайызға өсіп, республикалық орташа көрсеткіштен 29 пайызға жоғары. Әкім бұл деректер осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша алынғанын атап өтті.