Талдықорғанда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында марқұм Айзат Жұманованың қазасына қатысты резонансты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
19 желтоқсан күні сот отырысында іс материалдарын зерттеу барысында Айзат Жұманова күйеуінің соққысынан кейін жеткізілген ауруханадан түсірілген бейнежазба көрсетілді.
Еске салайық, қайғылы оқиға биыл 22 маусымда Жетісу облысының Ақсу ауданында болған. Сотқа дейінгі тергеу деректеріне сәйкес, Баласаз ауылының тұрғыны Айзат Жұманова ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Бейнекадрларда жас әйелдің ауруханаға қандай ауыр хәлде түскені анық көрінеді.
Tengrinews.kz жазуынша, бүгінгі сот отырысында марқұмның жұбайы – айыпталушы жауап берді. Сонымен қатар процесс барысында тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров та куәлік етті.