Қазақстан күрес федерациясында жаңа тағайындау: бас хатшы қызметіне Дамир Бекбосынов келді

Бүгін, 17:48 / Arasha.kz

Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы қызметіне Дамир Бекбосынов тағайындалды. Ол – «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі, спорт саласын дамытумен қатар жастардың патриоттық тәрбиесіне айрықша үлес қосып жүрген қоғам қайраткері.

Дамир Бекбосынов – қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ұлттық спорт түрлерін жүйелі дамыту бағытында мол басқарушылық тәжірибесі бар маман ретінде танымал. Ол 2023 жылдан бері Qazaq Kuresi ассоциациясының бас директоры қызметін атқарып, қазақ күресін халықаралық деңгейде насихаттауға, жарыстардың ұйымдастыру сапасын арттыруға және спортшыларды қолдау жүйесін жетілдіруге белсенді атсалысып келеді.

2025 жылдан бастап Дамир Бекбосынов ұлттық күрес түрлері бойынша әлемдік беделді ұйым – United World Wrestling (UWW) Атқарушы комитетінің құрамына енді. Бұл қадам Қазақстанның ұлттық күрес түрлерінің халықаралық аренадағы ықпалын арттырып, отандық спорт мамандарының беделін көтеруге жол ашты.