Бұрынғы келіні қайын атасын сан соқтырып, ел естімеген сұмдық жағдайға қалдырған

Бүгін, 12:35 / Arasha.kz
depositphotos.com

Ақмола облысында зейнеткер алаяқтықтың құрбаны болды. Оның келісімінсіз атына 740 мың теңге көлемінде тұтынушылық несие рәсімделген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Polisia.kz жазуынша, ер адамды бұрынғы келіні алдаған. Ол маусым айында бұрынғы қайын атасының жеке деректерін пайдаланып, несиеге жаңа iPhone 16 Pro Max сатып алған. Зейнеткер қарыздың бар екенін бірнеше ай өткен соң ғана білген, ол кезде берешек көлемі өсіп кеткен.

"Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындап, әрекетін уақытша қаржылық қиындықтармен түсіндірді", – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Ведомство азаматтарға жеке деректерінің қауіпсіздігіне мұқият болуды және несие тарихын үнемі тексеріп отыруды ескертті. Бөтен адамның атына алынған қарыз немесе сатып алу туралы күдік туындаған жағдайда, бірден құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Тэгтер:

полиция келін қайын ата iPhone 16 Pro Max