Алматыда тұрғындар үшін 11 тегін мұз айдыны жұмыс істейді

Бүгін, 23:33 / Arasha.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды

2025–2026 жылдардың қысқы маусымында қала аумағында 11 әлеуметтік (тегін) мұз айдыны жұмыс істейді.

Аталған мұз айдындары келесі аудандарда орналасқан:

* Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент саябағы және Тұңғыш Президент Қорының саябағы (Ганди көшесі);

* Алатау ауданы – «Almaty Arena»;

* Медеу ауданы – Республика сарайы, «Халық Арена», 28 панфиловшылар саябағы;

* Наурызбай ауданы – аудан әкімдігі аумағында;

* Түрксіб ауданы – «Авиатор» стадионы;

* Жетісу ауданы – «Kokjiek Garden» және «Гүлдер» саябақтары;

* Алмалы ауданы – ҚБТУ автотұрағы аумағында.

Әлеуметтік мұз айдындар қыс бойы ашық болады, кіру тегін.

Тэгтер:

алматы мұз айдыны тегін мұз айдыны алматыда маусым