Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар жауады, ал батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар күтіледі.
«Қазгидромет» хабарлағандай, республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Көптеген өңірде осыған байланысты дауылды ескерту жарияланған. Қолайсыз ауа райына байланысты ел бойынша автожолдар жиі жабылып жатыр.
▪️ Астанада күндіз –22–24 °C, жауын-шашынсыз. Түнде –21–23 °C, кей уақыттарда қар жауып, төменгі бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
▪️ Алматыда күндіз 0...+2 °C, түнде –5–7 °C, қар жауады, кейде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы — 2–7 м/с.
▪️ Шымкентте күндіз 0...–2 °C, кей уақыттарда қар жауып, көктайғақ пен тұман байқалады. Түнде –5–7 °C, сондай-ақ тұман мен көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы — 5–10 м/с.