Шымкентте блогер қыз стрим кезінде есірткіні «көңіл көтеру жолы» деп айтқаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тікелей эфир кезінде 077Diva никімен танылған қыз тыйым салынған заттарды қолдану туралы ашық пікір айтып, оларды іс жүзінде романтизациялаған.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері блогердің жеке басын жедел анықтап, оны бөлімшеге жеткізді. Медициналық тексеру оның расымен де есірткі қолданғанын көрсетті.
Іс әкімшілік сотқа жолданды. Нәтижесінде қыз есірткіні насихаттағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамау жазасы тағайындалды. Соттан кейін ол стримі мен айтқан сөздері үшін көпшілік алдында кешірім сұрады.