Қазақ киносының тарланы Асанәлі Әшімов дүниеден өтті

Бүгін, 13:09 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Танымал актер әрі режиссер, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы «Алматы әуендері» КМҚК хабарлады.

"Бүгін қазақ театр және кино өнері орны толмас ауыр қазаға ұшырады.

Қазақ сахнасының абызы, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, кино және театр әртісі, режиссер, театрымыздың негізін қалаушы көркемдік жетекшіміз, аяулы ұстазымыз Асанәлі Әшімұлы өмірден өтті.

Бұл — бір адамның ғана емес, тұтас бір дәуірдің қоштасуы. Ол өнерге адалдықтың, сахнаға тазалықпен қызмет етудің, ұлт рухын қорғаудың үлгісін көрсетті", - деп жазды басылым.