Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Бүгін, 19:01 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: Асанәлі Әшімов

Қазақстанның Еңбек Ері, аңызға айналған актер әрі режиссер Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі 23 желтоқсан күні сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылады.
Мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 110.

Асанәлі Әшімов – кеңестік және қазақстандық кино мен театр өнерінің ең ірі тұлғаларының бірі, ұлттық мәдениеттің символына айналған өнер иесі. Ол актерлік шеберлігімен ғана емес, режиссерлік және педагогикалық қызметі арқылы да қазақ өнерінің дамуына орасан үлес қосты. Асанәлі Әшімов 1937 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген.

Өнер майталманының шығармашылық жолы қазақ театры мен киносының қалыптасу және кемелдену тарихымен тығыз өрілді. Ол сахна мен экранда терең психологиялық, тағдырлы бейнелерді сомдап, бірнеше буын көрерменнің ықыласына бөленді. Әшімов қалыптастырған актерлік мектеп шынайылыққа, ішкі драматизм мен көркемдік дәлдікке негізделген ерекше құбылыс ретінде бағаланады.

Тэгтер:

Асанәлі Әшімов қоштасу рәсімі