Қазақстандық банктер ресейліктердің операцияларына бақылауды күшейтті

Бүгін, 14:36 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Қазақстан Ресей Федерациясы Еуропалық Одақтың «қара тізіміне» енгеннен кейін, Ресей азаматтарының есеп айырысуларына бақылауды күшейткен елдердің қатарына кірді. Тексерулер саны артты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Deutsche Welle-нің жазуынша, қосымша тексерулер Ресейдің қазіргі уақытта Еуропаның «ақшаны жылыстату қаупі жоғары елдер» тізімінде болуымен байланысты.

Еурокомиссия желтоқсан айының басында Ресей Федерациясын терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және қылмыстық кірістерді заңдастыру жүйелерінде «стратегиялық кемшіліктері» бар мемлекеттер тізіміне қосты.

— Сауалнама жүргізілген мамандардың мәліметінше, Қазақстан, Тәжікстан және Оман банктері Ресей азаматтарының транзакцияларына жеке тексерулерді күшейткен, ал Армения мен Сербияның қаржы институттары кейбір операцияларды тоқтата бастаған. Бұл шаралар жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қатысты болды, — деп атап өтеді DW.
 

Тэгтер:

банк бақылау операция Ресейліктер