Қар, жаңбыр, көктайғақ — 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 08:13 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, сейсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстігінде, батысында және орталық өңірлерінде қар жауады. Батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен сулы қар жауады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жалпы республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжануда. Барлық өңірлерде дауылды ескерту жарияланды.

▪️ Астанада бұлтты, кей уақыттарда қар жауады, бұрқасын, көктайғақ. Түнде −9–11 °C, күндіз 0…−2 °C.

▪️ Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −5–7 °C, күндіз −1…+1 °C.

▪️ Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде −4–6 °C, күндіз +3–5 °C.

Тэгтер:

қар ауа райы көктайғақ жел