Ешқашан ұмытылмайтын той: Саусағын тістеймін деп 5 жылға түрмеге тоғытылды

Бүгін, 11:25 / Arasha.kz
Photo by Sam Scholes/Getty Images

Ұлыбританияда ер адам ең жақын досының үйлену тойында қонақтың саусағын тістеп жұлып алғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Газета.Ru жазуынша, оқиға 2023 жылдың мамыр айында Оксфорд қаласына жақын орналасқан Бинси ауылындағы пабтың маңында болған. Төрт баланың әкесі Дэниел Пизнелл сол күні таңнен бастап алкоголь ішкен. Тойға келген соң ол алдымен бірге келген серіктесімен жанжалдасып, кейін ішімдікті жалғастырып, күйеу жігітпен және өзге қонақтармен төбелеске кіріскен.

Жанжалды тоқтатуға тырысқан қонақтардың біріне Пизнелл кенеттен тісін батырып, саусағын қатты тістеп алған. Жағдай ушығып кеткен соң тойды ұйымдастырушылар полиция шақырған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қонақтың саусағының бір бөлігі жұлынып кеткенін анықтап, жедел жәрдем шақырған.

Мас күйдегі ашу үстінде Пизнелл полицейге де қоқан-лоқы көрсетіп, мұрнын тістеп аламын деп қорқытқан. Ал күйеу жігіт Питер Грин кейінірек досының сол кештегі әрекетін "жабайы жануардың қылығына" теңеген.

Сотта 33 жастағы Пизнелл төбелеске қатысқанын және қорқытқанын мойындағанымен, қасақана ауыр зиян келтіруді мақсат етпегенін айтқан. Алайда алқабилер оның уәжіне сенбей, ер адамды кінәлі деп таныды. Нәтижесінде сот Пизнеллге бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Тэгтер:

той түрме Ұлыбритания Дэниел Пизнелл саусақ